Әлемге Қытайдың кесірінен қауіп төнуде - Сарапшы
Америкалық прогрессивті саясат институтының стратегиялық кеңесшісі Пол Бледсо егер Қытай улы газдардың ауаға бөлінуіне шектеу қоймаса, адамзатқа қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшы АҚШ пен Еуропа елдері атмосфераға бөлінетін газдарды азайтуды міндет еткенін алға тартты. Сөзінше, мұндай бастама әлемдегі ауа қабатындағы зиянды қалдықтардың мөлшерін төмендетуі мүмкін. Десек те бұған Қытайдағы зиянды газдардың көптеп бөлінуі кедергі болуда.
Бледсо Rhodium Group-тың жақында жүргізген зерттеуіне тілге тиек ете отырып, 2019 жылы Қытайдың ауаға бөлген зиянды газдардың көлемі барлық дамыған елдердікімен салыстырғанда асып түскенін айтты.
Сарапшының пікірінше, егер бұл үрдіс жалғаса берсе, Париж келісімінің негізі мақсаты - 2050 жылға қарай көміртегіні бейтараптандыруға қол жеткізілмейді. Өз кезегінде бұл климаттық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы