Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге әйгілі композитор Димаш Құдайбергенді қонақ етті (видео)

Әлемге әйгілі композитор, “Грэмми” жүлдесінің екі дүркін иегері, “Титаник” фильмінің саундтрегі “My heart will go on” әнінің авторы Уолтер Афанасаьефф жерлесіміз Димаш Құдайбергенді қонақ етті. Бұл туралы Димаштың өзі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол “GRAMMY” жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жумыс жасаған ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған “Титаник” телефильмінің саундтрегі “My heart will go on” əнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. «Красавица и Чудовище», «Аладдин» (1992), «Телохранитель» (1992), «Только ты» (1994), «Геркулес», «Игра» (1997), «Другая сестра» (1999), «Госпожа горничная» (2002). Джеймс Бонд “Лицензия на убийство” фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз”, – деп жазды Димаш инста-парақшасында.

Димаш әлемге әйгілі композитормен тілдескеніне қуанса, Уолтер Афанасьефф ерекше дауыс иесі Димашпен жүздескеніне мақтанды.

“Менің ең сүйікті әншім, мықты вокалист, Қазақстанның әншісі Димаш менің көлігімде отыр. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Рахмет”, – дейді Уолтер Афанасьефф.

Айта кетейік, әлемдік турнеге аттанған Димаш қазіргі уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова ұлының концертінде егіз қыздардың тұсауын кесті (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

Египетте іш киіммен клипке түскен әнші тұтқынға алынды

Жанар Айжанова: Сақалдылардың уағызы жаттанды, өздері біртүрлі адамдар

 

Талқылау