Әлемге әйгілі аспаз Ерке Есмаханға Түркияда ас дайындап берді
Етті дайындау тәсілімен әлемге танылған аспаз Нұсрет Ерке Есмаханға өз қолымен ас дайындап берді. Ерке Түркияға сапары барысында Нұсреттің мейрамханасына арнайы кірген. Әнші Нұсретпен осымен екінші рет кездесіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Зенкаевпен айырылысқан Ерке бұл жолы саяхатқа жалғыз шыққанға ұқсайды. Әнші желідегі парақшасында Ыстамбұлдағы әдемі кадрлармен бөлісіп жүр.
Ерке Бурак Озчивит басты рөлді сомдайтын "Османның құрылуы" телехикаясының түсірілім алаңында болып қайтты. Сондай-ақ теңіз жағасында серуендеп, сонда түсірілген әсерлі видеосымен де бөлісті.
Әнші Ыстамбұлда тұрып жатқан қазақ ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында қонақтады. Айтыскер жуырда туған күнін тойлаған Еркеге гаухар тасты жүзік сыйлады.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен.
"Теннисті таңдауыма әкем себепкер болды, ал Еленаның жетістіктері – біз үшін үлкен мотивация" – Заңғар Нұрланұлы
Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Қазақстан теннисі тарихында мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы қазақ спортшысы