Әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифада Қазақстан туы көрінді (видео)
Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифада Қазақстан туы көрінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан кадр
Зәулім ғимаратта пайда болған жалаудың видеосын куәгерлер оқиға орнынан бөлісті.
Видеоны сондай-ақ, Бурдж Халифа ғимаратының ресми парақшасы жариялады.
Қазақстандықтар видеоның астына өз пікірлерін бөлісті.
”Жаным қазақ! Тілім қазақ! Аллаға шүкір! Еліммен, жеріммен, ата-бабаммен мақтанамын”, “Көп рахмет”, Біздің ту әлемдегі ең ғажап, әдемі ту” деп жазып жатты желі қолданушылары.
Танымал ғимаратта тудың пайда болуы Республика күнін мерекелеумен байланысты.
Айта кетейік, биыл 13 жылдан бері бұл ұлттық мереке Қазақстанда алғаш рет тойлануда.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"