Әлемдегі ең "бұзылған" елдер анықталды

World Population Review ресурсы жасаған рейтингке сәйкес, әлемдегі ең жыныстық еркін елдердің көшін Аустралия бастады. Рейтингтің негізінде алты көрсеткішті қамтитын жыныстық еркіндік индексі жатыр: алғашқы жыныстық қатынасқа түсу жасы, өмір бойындағы жыныстық серіктестер саны, жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБА) таралуы, некеге дейінгі жыныстық қатынастың қоғамдағы қабылдануы және жезөкшеліктің құқықтық мәртебесі. Қорытынды ұпайы неғұрлым жоғары болған сайын, ел соғұрлым “бұзылған” деп саналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ең “бұзылған” елдер – Аустралия, Бразилия және Грекия
45 ел қамтылған рейтингте ең жоғары көрсеткіш Аустралияға тиесілі – 360,14 балл. Бұл елде алғашқы жыныстық қатынасқа түсу жасының орташа көрсеткіші – 17,9 жас, ал өмір бойындағы серіктестер саны – 13,3. Аустралияда жезөкшелік заңды, тұрғындардың 81 пайызы некеге дейінгі жыныстық қатынасты моральдық тұрғыда қабылдайды немесе оны мораль мәселесіне жатқызбайды. ЖЖБА деңгейі салыстырмалы түрде төмен – 100 мың адамға шаққанда 14 454 жағдай.
Екінші орында Бразилия (340,66 балл). Мұнда алғашқы қатынасқа түсу жасы орта есеппен 17,4 жас, серіктестер саны – шамамен 9. Жезөкшелік ішінара заңдастырылған, ал тұрғындардың 61% некеге дейінгі жыныстық қатынасты қолдайды. ЖЖБА деңгейі өте жоғары – 100 мың адамға 31 746 жағдай (одан жоғары көрсеткіш тек ОАР-да).
Үшінші орында Грекия – 336,53 балл. Алғашқы қатынасқа түсу жасы – 18,1 жас, серіктестер саны – 10,6. Жезөкшелік заңды, халықтың 86% некеге дейінгі жыныстық қатынасқа төзімді қарайды. Соған қарамастан, ЖЖБА деңгейі төмен – 11 458 жағдай.
Төртінші және бесінші орындарды Чили мен Жаңа Зеландия бөлісті. Чилиде индекс – 334,64 балл (алғашқы қатынас – 17,2 жас, серіктестер – 10,1). Жаңа Зеландияда алғашқы қатынас – 17,8 жас, серіктестер саны – 13,2 (ең жоғары көрсеткіштердің бірі), индекс – 327,49 балл.
Германия алтыншы орында – 322,41 балл. Алайда немістердің орташа серіктестер саны небәрі 5,8.
Жетінші – Италия (317,73 балл): алғашқы қатынас – 18,9 жас, серіктестер – 11,8. Сегізінші – Швейцария (316,16 балл): 18,2 жас және 11,1 серіктес.
Таиланд алғашқы ондыққа кірген Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жалғыз ел – 312,99 балл. Мұнда алғашқы қатынасқа түсу жасы – 20,5 жас, серіктестер – 10,6.
Ондықты Оңтүістік Африка Республикасы түйіндейді – 310,05 балл (алғашқы қатынас – 18,7 жас, серіктестер – 12,5).
Жыныстық өмірді ең ерте бастайтындар – исландиялықтар, ал серіктесі ең көп – түріктер
Жапония 14-орында (292,95 балл): алғашқы қатынас – 19,4 жас, серіктестер – 10,2.
АҚШ 15-орында (291,69 балл): 18 жас және 10,7 серіктес.
19-орындағы Исландия тұрғындарының алғашқы жыныстық қатынасқа ерте түсетін болып шықты – 15,6 жас; орташа серіктестер саны – 13. Ал ең кеш бастайтын ел – Малайзия (23 жас), рейтингте 42-орында.
Түркия 21-орында (285,83 балл) және серіктестер саны бойынша рекорд орнатты – 14,5 (барлық 45 елдің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш).
Гонконг – керісінше, ең аз серіктес санына ие (орташа 3,7), 39-орында (236,66 балл).
Испания 23-орында (281,39 балл): алғашқы қатынас – 19,2 жас, серіктестер – 6,1.
Франция 25-орында (277,59 балл): 18,5 жас және 8,1 серіктес.
Ресей 32-орында – 258,72 балл. Ресейліктердің алғашқы қатынасқа түсу жасы орта есеппен 18,7 жас, серіктестер саны – 9. Сонымен қатар халықтың тек 50% ғана некеге дейінгі жыныстық қатынасты қабылдайды. ЖЖБА деңгейі – 100 мың адамға 19 246 жағдай.
Ресей Израильден (257,72 балл) жоғары тұр: Израильде алғашқы қатынас ертерек (16,7 жас), бірақ серіктестер саны ұқсас (10,6). Польша 34-орында (254,65 балл): 19 жас және 6 серіктес.
Рейтингтің соңын Азияның ірі елдері түйіндейді: Индонезия – 174,68 балл, Қытай – 170,04 балл, Үндістан – 169,73 балл. Қытай мен Үндістанда алғашқы қатынас ең кеш – тиісінше 22,1 және 22,9 жас, серіктестер саны да ең аз (қытайлықтарда – 3,1, үндістандықтарда – 3).
Бұған дейін World Population Review ер адамдардың жыныс мүшесі ең үлкен және әйелдердің кеудесі ең ірі елдер туралы да дерек жариялаған.
Бұл көрсеткіш бойынша Венесуэла бірінші орынға шықты – өсім 27,05 пайыз. Айтарлықтай өсім Конго, Нигерия, Жаңа Зеландия және Колумбияда да байқалған.
Ал кей елдерде керісінше қысқару тіркелген. Ең көп қысқару Италияда – 18,54 пайыз. Ұқсас үрдістер Оңтүстік Корея, Таиланд және Грузияда байқалған.
World Population Review деректеріне сәйкес, ең үлкен кеуде Норвегия әйелдерінде: орташа бюстгальтер өлшемі — C–D. Алғашқы бестікке сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Люксембург және Исландия кіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Францияда ерлі-зайыптылардың “жыныстық қатынасқа түсу міндеті” алып тасталынбақ екені хабарланған еді.