Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең танымал миллиардерлердің әйелдері қандай (фото)

Көп адам миллиардерлердің әйелдері сұлулық салонынан шықпайтын, кеш батса болды қыдыруы тыйылмайтын нәзік жандылар деп ойлайды. Бұл қаншалықты рас?

billioners-wife

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Ендеше байлығымен аты шыққан тұлғалардың жұбайларына назар аударыңыз:

Уоррен Баффетт және Астрид Менкс

259

Баффет әлемдегі ең белгілі инвестор. 2016 жылдың қараша айындағы нәтиже бойынша оның байлығы 70 миллиард долларға бағаланған. Ол Астридпен 70 жылдары танысыпты. Ол кезде қыз даяшы болып жұмыс істеген. Олардың жас айырмашылықтарының 16 жыл болуы, сәтті некеге кедергі келтірмеген.

Билл және Мелинда Гейтс

345

Билл Гейтстің ақшасы – 80 миллиард доллар. Ол болашақ келіншегімен 80 жылдары Microsoft ұйымдастырған конференцияда танысады. 1994 жылы үйленген олар, бүгінде үш бала өсіріп отыр. Сондай-ақ, олар әлемдегі аса ірі қайырымдылық қорын құрған.

Ларри Пейдж және Люсинда Саутворт

438

Google құрушыларының бірі болып саналатын бұл адамның байлығы 30 миллиард доллар екен. Күйеуінен 7 жас кіші әйелі, көбінесе БАҚ өкілдерінен қашып жүреді.

Джефф және Маккензи Безос

537

Олар 1992 жылы танысқан. “Олардың кеңсесі тура бізге қарама-қарсы орналасқан еді. Көп жылдар бойы мен оның тамаша күлкісін естіп келдім. Бұдан соң қалай шыдап тұруға болады”, – дейді ол. Қазір ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар.

Ричард пен Джоан Брэнсон

637

Virgin Group компаниясының негізін салушылардың бірі бұл күндері 5 миллиард долларға байлыққа ие. Ричард сүйіктісі Джоанның күйеуі бар екеніне қарамастан, оның ізінен қалмай қояды. Ақыры Джоан өз күйеуінен кетіп тынған. Қазір жұптың екі баласы бар.

Амансио Ортега және Флора Перес Маркота

736

Ортега әлемге танымал Inditex, Zara, Massimo Dutti, Pull & Bear, Stradivarius, Bershka, Oysho сынды танымал маркалық брендтердің иесі. Байлығы – 70 миллиард доллар. Флора күйеуінің жұмысында хатшы болып істеген. Олар 2001 жылы үйленді.

Стефан және Кэролин Перссон

835

Стефан Перссон — H&M директорлар кеңесінің төрағасы. Байлығы 20 миллиард долларға бағаланады. Оның әйелі көпшілік алдына көп шыққысы келе бермейді. Олар отбасымен қарапайым өмір сүргенді жақсы көреді.

Бернар Арно және Элен Мерсье

933

Байлығы 30 миллиард долларға жетіп жығылатын Арно бұл күндері Dior, Givenchy, Selin, Lacroix, Kenzo, Guerlain, Sephora, Hennessy, Moёt & Chandon, Dom Perignon, Pommery, Veuve Clicquot және Krug сынды сән үйлерінің иесі. Ол екеуін музыка табыстырыпты. Бернар классикалық музыканы тыңдаса, Элен пианинода кәсіби түрде ойнай алады. 1991 жылы үйленген олар, бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр.

Майкл Блумберг және Дайана Тейлор

1134

Майкл Блумберг — саясаткер, кәсіпкер, Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі. Ол бірінші әйелінен ажырасып, 2000 жылдан бері Дайанамен тұрып келеді.

Марк Цукерберг және Присцилла Чан

1133

Цукерберг сүйіктісімен Гарвардта оқып жүріп танысқан. Присцилла болса Маркқа әрдайым сенім артып, оның табысқа жетуіне үлес қосқан. Олар 2012 жылы 19 мамыр күні некелесті. 2015 жылдары қыздары дүниеге келді.

Талқылау