Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең танымал миллиардерлердің балалық шағы қалай өтті? (фото)

Болашағы жарқын әрі табысты бала тәрбиелегіңіз келе ме? Ендеше әлемдегі ең табысты әрі танымал тұлғалардың қандай бала болғанын біле жүріңіз. Олар миллиардер болып туған жоқ. Бүгінде бүкіл әлем танитын бұл азаматтардың балалық шағы да әртүрлі жағдайда өтті. Олардың арасында оқымысты, қырсық, вундеркинд, тіпті, ең қарапайым балалар да болды.

цукерберг в детстве

Бұл туралы шетелдің mixstuff басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сонымен, бұл азаматтар әртүрлі жағдайда өсіп, тәрбиеленді. Десе де, олардың әрқайсысы ауыз толтырып айтарлықтай табысқа жетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі бола білді. Ал оларды табысқа жетелеген жол былай басталды:

Марк Цукерберг: «оқымысты»

1505836702_milliardery

Ата-анасы Маркты еңбек пен кәсіпкерлікке тәрбиеледі. Бұл ретте Цукербергтердің ұлдарына үлгі бола білгендерін де атап өткен жөн. Олар әркез отбасын қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз етуге, балаларын ақша тапшылығынан қорғауға тырысты. Ата-ана балаларының қызығушылықтарын ескеріп, олар бейім салаларды дамытуға күш салды. Мүмкіндік болған сайын, балаларын мақтан тұтатындарын көрсетуге тырысты. Ал шектеуге келсек, Цукербергтер отбасы жасауға болмайтын әрекеттерді түсіндіріп отырды.

2000-жылдардың басында оқушы Марк желі қолданушыларының музыкалық қалауын анықтайтын бағдарлама ойлап тапты. Бірнеше компания Цукербергтің бағдарламасына қызығушылық танытып, тіпті, мектепті аяқтағанға дейін жұмысқа орналасуға ұсыныс жасады. Бақытына орай, Марк бас тартып, Гарвардқа оқуға аттанды. Ол жақта өткізген уақыты аралығында ол Фейсбук әлеуметтік желісін құрып, өзінің болашақ жары Присцилла Чанды кезіктірді. Сену қиын шығар, алайда бүгінгі миллиардер әйелімен дәретханаға кезекке тұрған кезде танысқан.

Джефф Безос: «момын бала»

1505836681_milliardery2

Amazon.com интернет-компаниясы мен Blue Origin аэро-ғарыш компаниясының иесі әрі негізін қалаушы, сондай-ақ The Washington Post баспагерлік компаниясының басшысы анасы мен өгей әкесінің қолында тәрбиеленді. Оның жазғы демалысы атасының фермасында өтетін.

Джефф мектепте үздік оқып, арнайы шәкіртақы иегері атанды. Оған, тіпті, бітіру кешінде мектеппен қоштасу сөзін сөйлеу мүмкіндігі берілді. Бұдан кейін, Джефф Пристон университетіне оқуға түсіп, онда информатика мен электроникадан дәреже алған 20 студенттің қатарына кірді.

«Ол кезде Джефф танымал емес еді, үздік білімгерлер тізімінде оның аты аталмайтын… Жалпы біздің курста момын компьютер мамандары оқыды», – деп еске алады бүгінгі миллиардердің курстасы.

Ларри Эллисон: «қырсық»

1505836678_milliardery3

Oracle корпорациясының негізін қалаған 73-жастағы Эллисон нағашы ағасы мен әпкесінің қолында тәрбиеленді (олар Ларриді асырап алған). Бұл отбасы Чикагода аядай ғана пәтерде өмір сүрді. Эллисон бірбеткей, қырсық бала болды. Бір қызығы, мұғалімі де, асырап алған әкесі де баланың бойынан ешқандай талант байқамаған. Атап өтетін жайт, ұстазымен де, әкесімен де Ларри жасөспірім кезінде жиі ұрсатын.

Өз ісін қолға алғанға дейін Эллисон бірнеше жерде жұмыс істеді. 1977 жылы ол Oracle компаниясының негізін қалады. Жеке ісін ашуға жұмсалған 2000 доллардың 1200 доллары Эллисонның өз ақшасы болатын. Алғашқыда Oracle түрлі қиыншылықтарға тап болғанымен, 1980 жылдардың ортасында ең табысты компаниялардың қатарына кірді.

Билл Гейтс: «вундеркинд»

1505836733_milliardery4

Гейтстің алаңсыз балалық шағы Сиэтлде өтті. Табысты заңгер мен банк маманының отбасында тәрбиеленген Билл алғаш рет 1960 жылдардың соңында компьютер әлемін ашты. Бұл кезде Билл мектеп оқушысы еді. Ол уақытта мұндай мүмкіндік екінің біріне бұйыра бермейтін. Ал 16 жастағы Гейтс TRW компаниясында жұмыс істеп, бағдарламашы ретінде сол жерде машықтанды.

Майк Блумберг: «қарапайым бала»

1505836730_milliardery5

Бостонда дүниеге келген Блумбергтің ата-анасы орта тап өкілдерінен болды. Ол қабілетті оқушы да, ұлы спортшы да болған жоқ. Есесіне мақсат қойып, соған жете білетін жандардың қатарынан болды.

Джон Хопкинс университеті мен Гарвард бизнес мектебін тәмамдаған соң Блумберг Уолл-Стритке аттанды. Өзінің кәсіби мансабын ол Salomon Brothers компаниясынан бастады. Ақырында Блумберг кейіннен өзінің есімі берілген ақпараттық агенттіктің негізін қалады.

Амансио Ортега: қорлық көрген бала

1505836721_milliardery6

Испаниялық миллиардер Ортега Zara дүкендер желісінің негізін қалаушы әрі президенті болып табылады. Оның балалық шағы жоқшылықта өтті. Себебі бұл уақытта Испания соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерді бастан өткеріп жатқан болатын. 14 жасында дүкенші анасына қарызға азық бермей қойған соң, ол табысты азамат болатынын айтқан.

Ол елден жиі қорлық көргендіктен үнемі ізденісте жүретін. бала күнінен тәуелсіз, табысты болуды аңсап, мақсатына жету үшін көптеген тәуекелдерге барған.

Жіберіп алмаңыз:

Жыныс мүшесі зілтемірге қысылып қалған ер адам жұртты күлкіге қарық қылды (фото)

Ғалымдар қандай ер адамдардың опасыздыққа бармайтынын анықтады

Екі қолы жоқ болса да нәрестенің күтіміне қараған бала жұртты жылатты (видео)

Римде жас жігіт 57 жастағы әйелді зорлап бағанаға байлап кеткен

Талқылау