Әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифа Қазақстанның туымен көмкерілді (видео)

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 828 метрлік Бурж-Халифа ғимараты қазақ байрағымен көмкерілді. Олар осылайша Қазақстанды тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік Туы ең биік ғимаратта бір минут бойы көрсетілген. Желіде көк туымыз бейнеленген видеоны Threads қолданушысы жариялады.
“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 34 жыл толуына орай әлемнің ең биік ғимараты біздің көк туға оранды”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ еліміздің мемлекеттік рәмізі Өзбекстанның Ташкент қаласындағы ғимаратта көрсетілді.
Айта кетейік, бұған дейін Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифада Қазақстан туы көрінгені туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"