Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Аружан Жазылбекова алғаш рет ана атанды

Ана атандыФото: https://www.instagram.com/arujazz

Танымал актриса Аружан Жазылбекова сүйінші жаңалығын бөлісті. Ол қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қызды болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына арнап жылы жазба жариялап, қызының есімін кім қойғанын жазды.

“Біз сенің қашан жарық дүниеге келетініңді ұзақ уақыт бойы болжай алмадық. Ал сен болсаң, нағыз әкеңнің қызы сияқты, оның бақыт санын таңдадың – 11.11.25. Енді осы күні біздің сүйікті Сарашкамыз дүниеге келді, ал біз – әлемдегі ең бақытты ата-анамыз”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актрисаның қуанышына ортақтасып, оны құттықтап жатыр.

“Құттықтаймыз!”, “Жас ата-ананы құттықтаймын, ана мен сәбидің дені сау болсын”, “Қандай әдемі! Ура! Қош келдің, Сара”, “Сіздерді құттықтаймыз”, “Бауы берік болсын”, – деп жазған олар. 

Айта кетейік, Аружан Жазылбекова – танымал қазақстандық актриса. Ол “Рэкетир”, “Алтын Орда”, “Анаға апарар жол” фильмдеріне түскен. Оның сүйіктісі Ержан Алдабергенов актрисаға 2022 жылы үйленуге ұсыныс жасаған. Аружан Жазылбекова отандық киноның жұлдызы болса, Ержан Алдабергенов "Барыс" хоккей клубында бас менеджер қызметін атқарған.

Аружан Жазылбекова 2013-2018 жылдар аралығында продюсер Ахат Ибраевпен некеде болған.

Еске салайық, бұған дейін Аружан Жазылбекова алматылықтарды тазалыққа үндегені хабарланған еді. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 10:49
Талқылау