Әлемдегі ең әдемі ер адамның кім екені белгілі болды
34 жастағы британиялық актер Аарон Тейлор-Джонсон әлемдегі ең әдемі ер адам деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Stan.kz | Аарон Тейлор
Мұндай қорытындыға лондондық косметикалық хирург доктор Джулиан Де Сильва келді. Ол актердің бетін алтын іспеттес деп салыстырды.
Сарапшының айтуынша, оған 93,04 пайызы дауыс беріп, үздіктер қатарынан көрінді.
"Эмили в Париже" сериалының жұлдызы, 32 жастағы актер Люсиен Лависконт 92,41 пайыз көрсеткішімен екінші орынға ие болды. Үшінші орында 28 жастағы актер Пол Мескаль тұр, ол 92,38 пайыз жинады.
Бұған дейін Аарон Тейлор-Джонсонның "Пипец" фильмінен белгілі жаңа Джеймс Бонд рөліне үміткер екені хабарланған еді.
Еске салайық, бұған дейін әлемдегі мінсіз бет-әлпетке ие, ең сұлу әйел анықталғанын жазған едік. Ең әдемі әйел ретінде америкалық-британдық актриса және модель Аня Тейлор-Джой таңдалды. Маман "Queen's Move" телехикаясы жұлдызының бетін алтын қатынас ережесімен салыстырды. Оның пропорциялары 94,66 пайызға жетуге жақын екені анықталды.