Әлемдегі басы ең үлкен баланың басынан 3,7 литр сұйықтық алынды (фото)
Үндістанда жеті айлық бүлдіршінге ота жасалды. Дәрігерлер оның басынан 4 литрге жуық сұйықтық алып шықты.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
Сәбиге гидроцефалия диагнозы қойылған екен. Жұрт оның басын осы күнге дейін қарбызға теңеп келген. Ота нәтижесінде баланың басының диаметрі 26 сантиметрге кішірейген. Яғни 96 сантиметрден 70 сантиметрге дейін.
“Баланы біздің алдымызға 20 қараша күні алып келді. Ол уақытта басында 5,5 литр сұйықтық болатын. Сол уақыттан бастап 3,7 литр сұйықтықты алып шықтық. Қазір баланың басы өте жақсы жұмыс істеп тұр. Баланың өзі де жағдайының жақсы екенін танытты”, – дейді дәрігер.
Баланың ата-анасы Камалеш Дас пен Кавита осы күнге дейін жұрттан түрлі кемсіту сөздерін естіп келгендерін айтып жатыр.
“Адамдар баламды басы үшін елеске теңеді. Оның басы кішірейгелі олардың бізге деген қарым-қатыасы да өзгере бастады. Ары қарай да осылай жалғасады деген үміттеміз. Олардың балама жағымсыз сөздер айтқанын қаламаймын”, – дейді Камалеш.
Жіберіп алмаңыз:
Марқұм иесін жоқтаған жылқы жұртты қайран қалдырды (фото)
Бір топ жігіт Ақшақар болып киінген қызтекені сабап тастады (видео)
Дәрігерлер өлімге қиған әйел қатерлі ісіктен 6 апта ішінде жазылған (фото)