Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді

Шахматтан әйелдер арасындағы Әлем кубогында Қазақстан құрамасының спортшысы Меруерт Камалиденова жарыстың фаворитін жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Грузияның Батуми қаласында шахматтан әйелдер арасындағы Әлем кубогы өтуде. Бұл жарыста 107 мықты шахматшы өзара бақ сынап жатыр.
Осы додада еліміздің өкілі Меруерт Камалиденова (рейтингі бойынша 59-орында) 1/32 финал кезеңінде жарыстың фавориттерінің бірі, рейтингте 6-сатыда тұрған Александра Горячкинаны жеңіп шықты.
Турнир регламентіне сәйкес, қатысушылар екі классикалық партия ойнап, жеңімпаз солардың нәтижесі бойынша анықталады. Келесі партияда отандасымыз қара тастармен ойнайды.
Айта кетейік, бұл жарыс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол жылы Динара Сәдуақасова ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Горячкинаға есе жіберген болатын.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

