Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Әлем көшбасшылары Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Reuters 

Трампты Латвия, Литва және Эстония президенттері алғашқылардың бірі болып құттықтады. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында жазба қалдырған.

"Мен екіжақты қарым-қатынас пен трансатлантикалық серіктестікті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істей ін уақытты асыға күтемін. Еуропаға үшін АҚШ-тың күшті болғаны, ал АҚШ үшін Еуропаның күшті болғаны маңызды. Латвия Америка Құрама Штаттарының сенімді серіктесі болып қала береді", – деді  Латвия президенті Эдгарс Ринкевич.

Эстония президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

"Эстония Америка Құрама Штаттарымен ортақ демократиялық идеалдарға және жаһандық қауіпсіздікке негізделген одақтастығын ерекше бағалайды. Біз алдағы жылдары ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз", – деді Эстония президенті Алар Карис.

Литва прежиденті Трансатлантикалық бірліктің маңыздылығын алға тартты.

"Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаймыз! Америка Құрама Штаттары Литваның стратегиялық одақтасы болып табылады және екі ел де өз қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Литва қазір қорғанысқа ішкі жалпы өнімнің 3,5% жұмсайды және қаржыландыруды ұлғайтпақ. Трансатлантикалық бірлік өте маңызды", – дейді Литва президенті Гитанас Науседа.

Украина президенті Зеленский де Трампты "сайлаудағы әсерлі жеңісімен" құттықтады.

“Біз президент Трамппен қыркүйекте кездескен кезде Украина-Америка қарым-қатынасын, стратегиялық серіктестік, "жеңіс жоспарын" және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтату жолдарын туралы талқылаған болатынбыз. Маған оның жаһандық істерге қатысты "күш арқылы бейбітшілік" көзқарасын ұстанғаны ұнайды. Дәл осы принцип Украинада әділетті бейбітшілік орната алады. Біз мұны бірге жүзеге асыра аламыз деп үміттенемін ", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Зеленский Трампты жеңісімен жеке құттықтап, Украина мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігін асыға күтетінін айтты.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Талқылау