Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның отбасы қара жамалды

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның отбасына ауыр қайғы түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның атасы Жолдасбек Айтмұқан дүниеден өтті. Бұны балуанның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін мен қанатымнан айырылдым. Айтмұқан атамнан айырылдым. Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, ата… бірақ үлгермедім. Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер. Бұл – ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт. Ата, мен сізді қатты жақсы көремін. Жаныңыз жәннатта болсын", – деп жазды Ризабек Айтмұқан.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан бұған дейін Ташкентте өткен Professional Wrestling League ұйымының PWL 11 турнирінде ресейлік Алихан Кцоевті жеңген еді.
Сондай-ақ, ол биыл Тараз қаласында 15 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында жаңа салмақта топ жарды.
Ризабек Айтмұқан – еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйегінде 20 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында да топ жарды.
Ал 2025 жылдың наурыз айының соңында Амман қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады