Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде белдескен балуандарымыздың барлығы жеңіліп қалды

Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде балуандарымыз жеңіліске ұшырады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты басталады. Кілемге бірінші болып грек-рим күресінің өкілдері шығып, барлығы жеңіліп қалды. 60 келіге дейінгі салмақта Досжан Өтепқалиев алғашқы екі белдесуде жеңіске жеткенімен ширек финалда грузиялық Прайдон Абдуладзеге ұтылды. 67 келіге дейінгі салмақтағы Дінмұхаммед Қошкар екінші белдесуінде Даниял Агаевке есе жіберсе, 72 келідегі Мерей Мәулітханов қырғыз балуанына есе жіберді. 82 келідегі Альмир Төлебаев пен 97 келідегі Ерзат Ерланов та қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

Айта кетейік, бұл байрақты бәсеке  21-27 қазан аралағында өтеді. Ертеңгі жарыс жолына тағы да грек-рим күресінің шеберлері шығады. 

Талқылау