Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионатында өнер көрсеткен бұрымды балуандарымыз да жеңіліп қалды

Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде белдескен бұрымды балуандарымыз да жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/qaz_team_official

Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының үшінші күнінде құрамамыз тағы медальсіз қалды. Лаура Ғаниқызынан басқа балуан қыздар алғашқы белдесулерінде жеңіліп қалды. 55 келідегі Айнұр Әшімова моңғолиялық Отгонтуяа Баянмунхке  2:8 есебімен ұтылса, 59 келідегі Гүлдана Бекеш жапониялық Химека Токухарадан - 1:7 есебімен есе жіберді. 76 келідегі Алина америкалық Елена Макоедтан айқын басымдықпен ұтылды. Сондай-ақ Бейбіт Сейдуалы да (68 кг) америкалық Бруклин Сария Хэйстың осал тұсын таба алмады. Лаура Ғаниқызы (50кг) ғана алғашқы айналымда түркиялық Зехра Демирханмен белдесіп, 6:4. есебімен айласын асырды. Бірақ ширек финалда америкалық Сейдж Рейн Мортимерге 4:14 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары әлем чемпионатында жаппай жеңіліп қалғанын жазған едік. 

Талқылау