Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой Елжан Біртановқа үндеу жасады

Жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановқа үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті Елжан Амантайұлы, сіз ел үшін қиын уақытта коронавируспен күресу қарсаңында алдыңғы шепте болдыңыз. Сіздің өңірлерде және инфекция ошақтарында тікелей халықпен және мамандармен жұмыс жасауыңыз денсаулық сақтау жүйесінде оң өзгерістерге алып келді. Өкінішке орай, вирус ешкімді аямайды. Сізге тезірек сауығып, қызметке қайта оралуыңызды шын жүректен тілеймін", - деп жазды Цой өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін Елжан Біртанов қызметінен кету себебін түсіндірген болатын.

"Құрметті әріптестер мен достар! Бүгін мен мемлекет басшысына денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы өтініш бердім. Өкінішке орай, менде пневмонияның асқынған коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша емдеу қажет.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі саланың, министрлік деңгейінде де, өңірлердің денсаулық сақтау саласында да толыққанды басшылықты қажет етеді деп санаймын. Біздің денсаулық сақтау жүйесі көтеріліп келе жатқан ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Бұл әрқайсымыз үшін уақытты қажет етеді. Барлық әріптестеріме денсаулық және табандылық тілеймін! Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор сенімі үшін мемлекет басшысына алғыс айтамын", - деп жазды Біртанов.

Бұған дейін мәжіліс Алексей Цойдың денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметіне кандидатурасын қолдаған болатын.

Коронавирустан емделіп жатқан Елжан Біртанов министр қызметінен босатылды.

22 маусымнан бастап Алексей Цой денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары және министр қызметін атқарған еді.


 

Талқылау