"Алдымен зорлап, кейін өлтірген": Жетісу облысында төрт күн бойы іздеуде болған қыздың денесі табылды
Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kriminal Kazahstan
20 жастағы қызды 14 шілдеден бері ешкім көрген жоқ. Оның денесі қараусыз қалған үйде зорлық-зомбылық белгісімен табылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге деректер жарияланбайды", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық