Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдымен кінәсі дәлелденсін": Мәжілісмен бала зорлады деп айыпталған Amanat партиясының мүшесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс алаңында "Amanat" партиясының депутаты Елнұр Бейсенбаевтан журналистер не себепті “Ақ жол” партиясының үлгісімен педофилия бойынша күдікке ілінген әріптестерін әшкерелемей отырғанын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ақ жол" партиясы харассмент жасады деп Асқар Садықовты айыптап, мандатынан айырған еді. Осы тұста журналистер "Amanat"-тың Ақсу аудандық филиалы экс-басшысының әрекетін неге хабарламағанын сұрады. 



"Кінәсіздік презумпциясы деген нәрсе бар. Алдымен дәлелденсін. Бұл адам қылмыс болардан бір-екі апта бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен. Демек ол бұл қылмысты жасағанда біздің партияның жауапты хатшысы да, жұмысшысы да болған жоқ. Нәтижесін күтейік. Әр адамның заң шеңберінде өзін қорғауға конституциялық құқығы бар", – деді Бейсенбаев.

"Amanat" партиясының мүшелерінің балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Amanat партиясының мүшесі жеті жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. 

Талқылау