Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Синоптиктер алдағы күндері елдің кей өңірлеріне суық келетінін айтты
Қазақстанда антициклонның орнын атмосфералық фронт баспақшы, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Республиканың көптеген өңірлерінде ауа райын анықтайтын антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысты. Ал, оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінен циклон келеді. Соған байланысты атмосфералық фронттардың екі жүйесі ауысатын болады, дейді синоптиктер.
Мамандардың айтуынша, алдағы күндері Республиканың батыс аудандарында найзағай соғып, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.
Сонымен қатар, циклондар мен фронттың шығыс бағытта жылжу шамасына қарай, еліміздің басқа өңірлерінде де жаңбыр жауады.
Бірақ, шығыста және оңтүстік-шығыста қолайлы ауа райы сақталады. Сондай-ақ, қалған аумақтарда да алдағы үш күн жылы болады деп күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, Республиканың батыс аудандарында ғана ауа температурасының төмендеуі мүмкін.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"