Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері қуатты магнит дауылы болады: Бұл кезде адамдарға не істеуге болмайды

25-26 ақпан күндері магнит дауылы болады деп болжанды. Сарапшылар бұл күндері физикалық белсенділіктен бас тартып, денсаулыққа мұқият болуға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Магнит дауылы күн желінің Жердің магнит өрісімен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Магнит дауылы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Метеорологтардың пікірінше, магнитті толқудың қарқындылығы адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.

25 ақпанда амплитудасы шамамен 5 балл болатын екі күндік магнит дауылы басталады. Бұл – қуатты толқулардың бірі.

Магнит дауылы кезінде не істеу керек?

Денсаулығыңызға баса назар аударыңыз. Магнит дауылы кезінде денеңіздегі белгілерге және эмоциялық күйіңізге мұқият болыңыз. Ауа райының эмоциялық күйіңізге және денеңіздегі өзгерістерге қалай әсер ететінін түсіну үшін ішкі сезіміңізді қағаз бетіне түсіріп, түртіп алғаныңыз абзал. 

Денсаулығыңызға және демалысқа мән беріңіз. Магнит дауылы кезінде демалысқа уақыт бөліп, тыныққаныңыз жөн. 

Ұйқыңыз қанық болсын. Йога, медитация сияқты денені босаңсытатын жаттығулармен айналысыңыз. Стресс пен күйзелістен аулақ болып, жанжалға әкеп соғатын жағдайлардың алдын алған дұрыс.

Таза ауада көп жүріңіз. Таза ауада серуендеу ауа-райына сезімтал адамдарды магнит дауылының жағымсыз әсерінен қорғайды. 

Магнит дауылы кезінде не істеуге болмайды?

Шамадан тыс физикалық жүктемелер мен ауыр жаттығу жасауға болмайды. Сондай-ақ ауырсыну сезінсеңіз бірден ем-дом жасап немесе дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз жөн. 

Күйгелектеніп, айғайлауға болмайды. Бұл күндері эмоциялық күйіңіз тұрақсыз болуы мүмкін. Сондықтан сабырлы болуға тырысыңыз.

Сергіткіш сусындарды шамадан тыс пайдалануға болмайды. Мұндай күндері ішімдік, кофеині бар сусындарды мөлшерден тыс ішпеңіз. Магнит дауылы кезінде мұндай сусындардың жанама әсері болуы мүмкін.

Талқылау