Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Албанияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайтын балуандарымыз белгілі болды

Албанияның Тирана қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық грек-рим күрес шеберлерінің есімдері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UWW

Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында және олимпиадалық емес салмақтардағы ересектер арасында әлем біріншілігі өтеді. Тиранада олимпиадалық емес салмақта өтетін әлем чемпионатында өнер көрсететін “классиктер” анықталды. 29-31 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз: 

55 келі. Исхар Құрбаев

63 келі. Ержет Жарылқасын

72 келі. Мейіржан Шермаханбет

82 келі. Евгений Поливадов

Айта кетейік, Албания астанасында күрестің үш түрінен 4 салмақ дәрежесінде әлем чемпиондары анықталады. 

Талқылау