Алаяқтарға алданып, пәтерін сатқан ресейлік актриса өз үйінен күштеп шығарылатын болды

Ресейдің Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы пәтерді актриса Полина Лурьенің меншігінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Осылайша төменгі сатыдағы соттардың бұрын шығарған барлық шешімдерінің күшін жойылды. Жоғарғы соттың бұл шешімі бірден заңды күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Интерфакс басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеу қалалық соты ресейлік актриса Лариса Долинаны пәтерден мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызды қарады.
Іс бойынша Жоғарғы соттың ұстанымы
Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы іс аясында бұрын қабылданған барлық сот шешімдерін жойып, пәтер Полина Лурьеге тиесілі екенін растады. Лариса Долинаның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырылмады.
Даудың мән-жайы
2024 жылдың жазында Лариса Долина Мәскеудің Хамовники ауданындағы пәтерін 112 миллион рубльге (732 480 000 теңге) сатқан. Кейін мәміледен түскен қаражаттың телефон алаяқтарының қолына түскені анықталды. Осыдан кейін әнші сотқа жүгініп, мәмілені жарамсыз деп тануды және пәтерді қайтаруды талап еткен.
Алғашқы сот инстанциялары мен апелляциялық сот Долинаның талабын қанағаттандырғанымен, Жоғарғы сот бұл шешімдерге қарсы үкім шығарды.
“Интерфакс” агенттігінің мәліметінге, Долинаның пәтеріне қатысты алаяқтық ісі бойынша төрт адам сотталып, оларға 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы мен қосымша айыппұлдар тағайындалған.
Жоғарғы соттың шешімінен кейін пәтерге меншік құқығы толығымен Полина Лурьеде сақталады. Енді Мәскеу қалалық соты Лариса Долинаны пәтерден мәжбүрлеп шығару мәселесін қарайды.
Сот қаржылық шығындардың алаяқтардың әрекетінен туындағанын айтты. Осыған байланысты сатып алушы Полина Лурье өтемақыны тікелей Лариса Долинадан талап ете алмайды. Барлық қаржылық талаптар алаяқтарға бағытталуы тиіс.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері