Алаяқтар Қайрат Нұртастың қайтыс болғаны жөнінде ақпарат таратқан
TikTok-та әлдебіреулер Қайрат Нұртастың өлімі жөнінде ақпарат таратқан. Видео авторы Қайраттың суреттерінен ролик жасап, тіпті оның "қайтыс болған күнін" жазып қойған. Мұны көрген хитменнің анасы көпшілікке жан айқайын жеткізді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Соншалықты жек көретіндей біреуге ұлым зияндық жасамақ түгілі, тірі пендені ренжітпейтін жүрегі мейірімге толы екенін басқа білмесе де туған анасы мен білемін. Қаншалықты қара жағып өсектеп жатса да шыдай береміз ғой, енді мынау тым артық. Ниетімізді түзесек екен. Ешбір ана баласын жоғалтпасын, Алла ұлыма ұзағынан өмір берсін!" - деп жазба қалдырды Айдарбекова желідегі парақшасында.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады