Алаяқтар Баян Есентаеваның есімін пайдаланып Iphone телефонын ұтысқа салған
Instagram желісінде Баян Есентаеваның атымен тіркелген алаяқтар продюсердің атынан қымбат телефонды ұтысқа салған, деп хабарлайды Stan.kz.
Танымал продюсер өзінің желідегі оқырмандарын алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін абай болуға шақырды.
«Достар, бұл фейк-парақша, мен телефон ойнатып жатқан жоқпын», – деп жазды Есентаева жалған парақшаның скриншотын жариялап.
Айта кететін жайт, жалған парақша танымал продюсердің өз парақшасына қатты ұқсайды. Продюсер bayanmaxatkyzy атауымен тіркелсе, алаяқтар bayanmaxatkyzy_ есімін пайдаланған. Айырмашылық тек сызықшада ғана.
Сорақысы да сол, фейк-парақшаға жазылған оқырмандар саны 100 сыңға жуықтаған. Яғни 100 мыңға жуық адам алаяқтың құрбаны болып кетуі мүмкін еді.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева Ақан Сатаевтың фильміне түсуді армандап жүр
Сәкен Майғазиев қызының бала-бақша таңертеңгілігінде болған қызықтарымен бөлісті (видео)
Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады
Желіде Қайрат Нұртасты мазақ еткен карикатура пайда болды