Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алатау мен Алматыда әуе таксиі іске қосылады

Алатау мен Алматыда әуе таксиі іске қосылады

Фото: Depositphotos.com/eVTOL

Қазақстан америкалық компаниядан 300 миллион доллар көлемінде электрлік ұшақтар сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Алматы маңында салынып жатқан қала Алатауда әуе такси қызметі іске қосылатынын мәлімеді. Ол үшін Қазақстан америкалық Joby Aero компаниясынан құны 300 миллион доллар болатын eVTOL электрлік ұшақтарының партиясын сатып алуды жоспарлап отыр.

Меморандумға жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі компания және Алатау жобасының инвесторы қол қойды.

Министрлік тік ұшып-қонатын инновациялық әуе құрылғылары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильдігі жобасының негізі болатынын мәлімдеді.

“Сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ аэротаксиді Алатау мен Алматының көлік жүйесіне интеграциялау жоспарланып отыр”, – деп хабарлады ведомство.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшысы әуе таксиінің іске қосылуын “ақылды қалаларды дамыту жолындағы маңызды қадам” деп атады. Ал ақпан айында оның орынбасары Қазақстанда аэротакси қолдануға арналған стандарттар әзірлеу жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Министрлік үкіметке ұшуларды реттейтін жан-жақты заңнамалық база құруды ұсынды

Айым Болатқызы
Жұма, 07 Қараша, 2025 10:45
Талқылау