Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алаңдауға негіз жоқ": Сенат спикері Әшімбаев "жасырын ойындар" мен өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев, өзі туралы тараған қауесеттерді түсіндіре отырып, егер адам қоғамдық қызметпен айналысса, кез келген жағдайға дайын болуы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Саясаттанушы Арсен Сәрсеков сенат спикерінің есімі кейінгі уақытта оң және теріс жағынан жиі аталып жүргеніне назар аударды. Ол мұны "жасырын саяси күреспен" байланысты болуы мүмкін деп болжады.

Отырыста Әшімбаевтан оның атына қатысты күмәнді ақпараттардың таралуына қалай қарайтынын және саяси ойындардың бар-жоғын сұрады. Спикер саяси салада жүрген кез келген қоғам қайраткері үшін мұндай жағдайлар қалыпты тәжірибе екенін атап өтті.

"Егер адам қоғамда лауазым мен белгілі позицияны иеленсе, әртүрлі арандатушылық пен алып-қашпа әңгімелерге дайын болуы керек. Біз, депутаттар, өзіміздің атымызға әртүрлі ақпарат таралуы мүмкін екенін түсінеміз. Соның ішінде шындыққа сәйкес келмейтіндер де болуы мүмкін. Ал менің жеке өмірім – ол толық түсінікті және ашық, әріптестерім бәрін біледі. Маған тіпті ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ", – деді Әшімбаев.

Сонымен қатар ол "жасырын ойындар" туралы талқылаудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Егер сен дұрыс жүрсең, халықпен ашық болсаң, барлық әрекетің түсінікті болса, алаңдауға негіз жоқ. Мен Черчилльдің сөздерін жиі келтіремін: "Шыншыл болу – ең жақсы саясат". Жаза берсін... Халық пен сарапшылар біздің жұмысымызды нәтижесі бойынша бағалайды. Олар: қабылданған заңдар, түзетулер, үкіметпен өзара әрекеттесу. Бізді нақты істер бойынша бағалау керек", – деп атап өтті спикер.

Әшімбаев энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов сияқты Telegram арналарының авторларын сотқа беруді жоспарлайсыз ба деген сұраққа теріс жауап берді.

"Жоқ, неге? Егер қоғамдық қызметпен айналыссаң, осындай жағдайларға дайын болу керек. Ең бастысы — адал болу, өзіңнің сенімдеріңе сай жұмыс істеу және ашық болу. Егер менің қандай да бір жеке өмірімде, басқа мәселелерде проблемаларым болмаса, ал егер арандатушылықтар болса, мен кіммен соттасуым керек? Оның мәні неде?" – деп қорытындылады Әшімбаев.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 05 Желтоқсан, 2024 15:43