Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлде 63 жастағы әйелді қағып өлтірген катер жүргізушісі ұсталды

катер әйелді қағып өлтірді

Фото: Видеодан скрин

26 шілде күні Алакөлге отбасымен демалуға барған 63 жастағы Өскемен тұрғынын катер қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Катер зейнеткер әйелді жағадан шамамен 200 метр қашықтықта қағып кеткен. Оқиға күндіз, оның туыстары мен басқа демалушылардың көз алдында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жағажайдан алыстап, суда еркін жүзіп жүрген. Ешкім катердің оған қарай беттеп келе жатыр деп ойламаған.

Абай облысында әйелдің өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Катер жүргізушісі ұсталды.

Аталған факт бойынша су көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Катер жүргізушісіне 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

“Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ержан Тельжанов.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 08:21
Талқылау
`