Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынын айтты

Фото: instagram.com / bayanmaxatkyzy
Баян Алагөзованың күйеуі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов "Реал Мадридті" жеңсе, "Қайрат" футбол клубының ойыншыларына бір-бір автокөлік сыйлайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл уәдесін кәсіпкер жұбайы – продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың Instagram парақшасы арқылы мәлімдеді.
"Құрметті қазақстандықтар, бүгін – Алматы күні. Барлық патриоттар сияқты біз де білеміз, 10 күннен кейін сүйікті командамыз "Қайрат" пен "Реал Мадридтің" ойыны өтеді. Сондықтан мен республика патриоты ретінде және өз туған күнім қарсаңында "Қайрат" командасы жеңіске жетсе, ойнаған барлық ойыншыға бір-бір автокөліктен сыйлаймын деп уәде беремін. Алматы – бейбітшілік астанасы, "Қайрат" – чемпион!" – деді Тұрсынғали Алагөзов.
Айта кететін жайт, Алматылық "Қайрат" футбол клубы 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында аңызға айналған "Реал Мадридті" қабылдайды.
Қазақстандық ер адам көз тамшысын қолданғаны үшін қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды
Адвокаттың айтуынша, зәрінен каннабиоидтар немесе өзге де есірткі заттары табылмаған
"Марғаулар азаппен өліп жатыр": Астанада 80-ге жуық адамға ауру мысық сатқан әйел қылмыстық іс қозғалса да әлі ісін жалғастырып келеді
Өлген мысықтардың саны ондаған мыңға жеткен