Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: жүргізуші куәлігінен айырылды

Алматыдағы Әл-Фараби көшесіндегі жантүршігерлік жол апатына себепкер жігіт 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспаасөз қызметі хабарлады.

Сот қаулысы 2017 жылдың 26 желтоқсанында оқылған. Құжатта жүргізушінің не себепті көлік айдау құқығынан айырылғаны түсіндірілген.

“30.07.2017 күні сағат 02.10 кезінде Алматыда Сұлтанов С.А. “Мерседес” көлігіне мініп Әл-Фараби даңғылымен келе жатып, мас күйінде ұсталған. Істің тыңдалатын күнді біле тұра, Сұлтанов еш себепсіз сотқа келмеді, істің қаралуын кейінге қалдыру туралы да өтініш түспеген”, — делінген қаулыда. Құжатта жүргізушінің қатысуынсыз істің қаралғаны айтылған.

Сонымен Сұлтанов Сұлтанбейбарыс Ақперұлы ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, көлік жүргізу құқығынан үш жылға айырылды.

Айта кетейік, жантүршігерлік жол апаты өткен жылы 30 шілдеде болған еді. Mercedes көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтіреді. Соққының қатты болғаны соншалық, ер адамның денесі екіге бөлініп қалған. Тұрғынды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, көлігін “Горный гигант” ауданында тастап кетеді. Кейін полицейлер оны тауып, ұстаған.

 

Талқылау