Ақжаркын Тұрлыбай нигериялық наркомафияның құрбаны болған
«Sezimtal» қоғамдық қорының үйлестірушісі Сұңқар Нұрмағамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда Ақжарқын Тұрлыбай секілді жағдайға тап болған Ресей мен Украинаның 6 азаматы Тайландта, Въетнамда және Филиппинде қамауда отыр. Олардың әрқайсысы байланысқа шығып тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұрмағамбетовтің айтуынша, ресейлік және украиндық құқық қорғаушылардың, сондай-ақ, халықаралық наркосиндикат құрбандарының туыстары Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығымен байланысқа түсіп, ынтымақтастыққа келуге мүдделі.
«Олар үшін ЦАРИКЦ-пен ынтымақтастыққа келу маңызды, себебі онда ақпарат алмасу, халықаралық есірткі саудасына қатысып, іздеу салынған адамдарға қатысты мәліметтер банкі болады. Қазір олар іс барысында өткізілетін процедураларды зерттеп, ЦАРИКЦ-ке «Sezimtal» қоғамдық қоры арқылы шықпақ», – деп атап өтті ол.
«Биылғы жылдың басында Қытайда есірткі тасымалдаған Қырғызстан азаматшасына өлім жазасы кесілді. Барлық жерде бір сызба: ақша табуға ұсыныс жасайды (бай еместерге) Азия-Тынық мұхиты бағытына жіберіледі. Көбінесе нигериялықтар өз құрбандарына брендті әрі қайталанбайтан тауарлар ұсынады», – деп атап өтті қорғаушы.
Айта кетейік, 2015 жылдың маусымында Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығының басшысы Аманжол Оразбаев Ақжарқын Тұрлыбайдың нигериялық наркомафияның құрбаны болғанын мәлім етті.
Ал аталмыш орталықты құру туралы келісім 2009 жылдың 22 наурызында өз күшіне енді. Оның мүшелері әрі құрылтайшылары қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Өзбекстан. Орталық жанындағы бақылаушылар ретінде Австрия, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Пәкістан, Румыния, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Интерпол халықаралық қылмыстық полиция ұйымы және SELEC орталығы бар.
Жіберіп алмаңыз:
Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы нашарлап кетті
Қарағанды облысында емшектегі сәбиі бар әйел Сириядағы соғысқа аттанған
БАҚ-қа шолу. Қазақстанда дәрігерлер ата-анасына жаңа туған қыздарын ер бала деп сендірген