Аквапаркте жартылай жалаңаш билеген қыздардан АИТВ сынамасы алынып, әңгіме жүргізілді
Әлеуметтік желілерде Самарқанд облысындағы аквапаркте шомылу киімін киген қыздардың билеген видеосы пайда болды. Құқық қорғау органдары бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін құжат рәсімдеген. Сондай-ақ бишілерден АИТВ-ға тесттер алынып, тері-венерологиялық аурулары бар-жоғы тексерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazeta.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

видеодан кадр
Әлеуметтік желілерде аквапаркте шомылу киімін киген қыздардың билеген видеосы пайда болды. Видеоны жариялаған арналардың бірі оған "Бұл Еуропа емес, біздің Самарқанд" деп жазып, "сұмдық" және “ұят " тегтерін қосып қойған.
Самарқанд облысы ІІБ баспасөз қызметі бұл видео 16 маусымда Самарқанд ауданында "Вавилон" аквапаркінің ашылуына арналған іс-шарада түсірілгенін хабарлады.
Хабарламада азамат Д.Насимов "бұқаралық іс-шараларды өткізу ережелерін өрескел бұзып, 2000-ға жуық адамның қатысуымен жаппай іс-шара ұйымдастырды" делінген.
"Іс — шарада бір топ бишілер жартылай жалаңаш билерді орындау арқылы қоғам ережелерін елемегені анықталды", - делінген хабарламада.
Іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты құжаттар ресімделіп, заңды шешім қабылдау үшін ауданның қылмыстық сотына берілді, деп атап өтті ІІБ.
"Әдепсіз билерді орындаушылар тері-венерологиялық ауруларға тексеруден өтті. Оларда ЖИТС пен АИТВ-ның бар-жоғын тексеру үшін қан анализі алынды. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады басқармадан.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді