Акула бөгеттен өтіп кетіп, 4 жасар қызға қарай секірді (видео)
Аустралиядағы Квинсленд штатында доғал тұмсықты акула үрленген бөгеттен секіріп өтіп, теңіздің адамдар шомылып жүрген аумағына жүзіп келді.
Бұл туралы 9 News порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ұзындығы шамамен 1,5 метр болатын жыртқыш балықты жағажайға 4 жасар қызымен келген жергілікті тұрғын байқап қалған.
«Акула тордың маңында айналып жүрді. Одан өтіп, жағалауға жақын жүзіп келді. Мұнан кейін кері қайтты», – дейді ол.
Әйелдің сөзінше, сол кезде қызы бірден суға кіріп кеткенде, қайғылы жағдай орын алар еді. Алайда 4 жасар қыз акуланы көріп, суға түскісі келмейтінін айтыпты.
Айта кетсек, доғал тұмсықты акулалар тропикті және субтропикті жерлерде мекендейді. Олар жағалау маңындағы аумаққа келіп, адамдарға шабуыл жасауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл акула адам өмірі үшін ең қауіпті акулалардың бірі болып саналады.
Оқи отырыңыз:
22 жастағы келіншек YouTube-тегі видеоға қарап өзін-өзі босандырған
23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)