Актрисалықты армандаған алматылық жезөкшелер қатарынан бір-ақ шыққан
Жұмыс іздеп жүріп, ғаламтор арқылы шетелдіктерге тәнін саудалауға ұсыныс алған алматылық, жұртты «Модельдік агенттіктерден» сақ болуға шақырады. Ол айламен алдарына шақырған жұмыс берушілердің жетегінде кетуге сәл-ақ қалған.
Өздерін «Модельдік агенттік» деп таныстырған мекеме, хабарландыруға «Жас актрисалар мен сұлу да сымбатты қыздарды іздейміз» деп жазады екен. Сұлулығына сенімді болған қыздар көрмелерде киім таныстырып, клиптерге түсеміз деп түсінеді. Жұмыс барысы егжей-тегжейлі таныстырылғанның өзінде, жезөкшелік қызмет ашық айтылмайды екен. Жас қыздар жұмыс іздеп жүріп, осындай жеңгетайлардың құрбаны болып кетуі әбден мүмкін деген бойжеткен Stan.kz сайты арқылы, өз басынан өткен жағдайды баяндап беруге келісті.
– Өзің оқыған, көзі ашық қызсың. Мұндай жағдайға қалай тап болып жүрсің?
– Белгілі себептерге байланысты қызметті жұмысымнан шығуға тура келді. Сосын белсенді түрде жан-жақтан жұмыс іздеп жүрген кезім. Өзімді өнер саласында байқап көруге бел будым. Бірнеше кастингтерге қатысып көрдім. Сол жолы да әдеттегі кастингтердің бірі деп ойладым.
– Бұл «кастинг» жайлы қайдан естідің?
– Ғаламтордан. Түрлі қызмет түрлері жарияланатын бірнеше сайтқа тіркеліп, түйіндемемді жүктегенмін. Бұл жұмыс жайлы хабарламаны сондай сайттардың бірінен көріп, берілген нөмір арқылы өзім хабарластым.
– Сонда хабарламада не деп жазылған?
– Фотомодельдер, жас актрисаларды жұмысқа шақырамыз деп жазған. Бұл салада тәжірибесі болу міндетті емес екендігін де көрсеткен. Бірақ ағылшын тілін білу шарт екенін айтылған. Ағылшын тілін жетік меңгергенмін. Бірақ бұл тілді не үшін қажет ететінін соңынан түсіндім.
– Сонымен, сен көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалдың. Ары қарай не болды?
– Мені сұхбатқа шақырды. Бірақ әдеттегідей, кеңсеге емес, мейрамханаға. Сонысы мені сескендірді. Бірақ түскі уақыт болған соң, бардым. Оның үстіне, мейрамхана оқшау жерде орналаспаған. Онда төрт қыз отыр екен. Екеуі сұхбатты ұйымдастырушылар екенін түсіндім. Себебі алдарында отырған қалған екі қызға жұмыс барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп отырды. Әңгіменің жартысынан қосылсам да, естігенімнен бірден шошыдым. Себебі қыздардың бірі «менің жалаңаш суреттерім жұртқа тарап кетпей ме?» деп сұрады. Бірақ келген соң, соңына дейін біліп кетейін деп отырдым. Оған «тұлғаңызды ешкім анықтай алмайтынына кепілдік береміз» деп жауап қайырды. Алайда әлгі қыз абыржулы, күдігін жасыра алмай біраз сұрақтар қойып отырып алды. Ал әлгілер «сіздің келбітіңіз көзтартарлық, клиенттеріңіз көп болады» деп көңілдендіріп қойды.
– Ағылшын тілінің не үшін керектігін білдің бе?
– Иә. Желіде тек шетелдік еркектермен жұмыс істеуің керек екен.
– Қалай жұмыс істейсің? Қай жерде?
– Маған «қаланың ортасынан 3-4 бөлмелі пәтерді жалға аламыз, сол жұмыс орныңыз болады» деді. «Қыздар пәтерге келіп, бір бөлмеден бөліп алады. Кәдімгі жұмыс күні секілді 9-дан 6-ға дейін. Сосын клиенттермен күні-бойы жұмыс істейсіз. Жұмысыңа ешкім кедергі келтірмейді» деді. Экран алдында отырып, билейсің бе, қызықты оқиға айтып бересің бе не істесең де, өз еркің. Тек клиентті ұстап тұруың керек. Әр «модельдің» өзіндік «стилі» бар. Клиенттің отырған уақытына төленеді. Бастапқы айлық 80 мың теңге деді.
– Жұмыстың мән-жайын түсінгенде неге бірден кетіп қалмадың?
– Мен бірден бұл «интимді қызмет түрі ме?» деп сұрадым. Олар өздеріне шаң жуытпай, «жоқ, экранда еркектердің көңілін табу үшін асқан сауаттылық әрі әртістік шеберлік болу керек» деп жауап қайырды. Шынымды айтсам, басында өзім толық түсіне алмай, абыржып отырдым. Жиналған қыздардың бәрі опа-далапты аямай жаққан, жасанды кірпік, ерін – қуыршақ секілді.
– Клиенттер кімдер? Оларды қалай табады?
– Олар бір сайт ашқан. Клиенттер – сол сайтқа ақылы түрде тіркелген азаматтар. Ал сонда жұмыс істейтін әрбір қыздың жеке парақшасы болады. Олар клиенттер тек шетел азаматтары, өз елімізде қайда істейтініңді ешкім ешқашан біле алмайтынын айтып жатты.
– Олар кімдер?
– Олар өздерін модельдік агенттігі деп атайды. Айтуларынша, өздері де солай желіге шығып, табыс табады екен. Бұл – бизнестің жаңа түрі және күннен күнге дамып келеді екен.
– Табысты жақсы таба ма?
– Түрлеріне қарап, солай деп тұжырымдауға болады.
– Сонымен, олармен қалай қоштастың?
– Ойланыңыз деп шығарып салды. Ал қалған қыздардың тағдыры не болғанын білмеймін.
Оқи отырыңыз:
Лондонда бойжеткенді шектен тыс сұлулығы үшін телеарнадан жұмыстан шығарып жіберді
Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты
Бойжеткен «әсемдік үшін» саусағын кесіп тастады
Балқашта бойжеткенді жігіті мен досы зират басында зорлап, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген (фото)