Актриса Гүлнәз Жоланова қай кәсіпкердің келіні екені белгілі болды
Отандық актриса Гүлнәз Жоланованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/zholanova_gulnaz
Әлеуметтік желіде актрисаның күйеуі белгілі қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы деген ақпарат тарады. Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі Өскемендегі мейрамханалар мен қонақүйлер желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров екені жайлы отандық БАҚ жарыса жазып жатыр. Желіде тараған ақпаратқа сүйенетін болсақ, кәсіпкер "Пять звезд" ЖШС қожайыны әрі директоры және "Резиденция Остров" демалыс және ойын-сауық орталығының негізін қалаушы.
Актрисаның өзі бұл ақпаратқа қатысты еш түсінік берген жоқ. Гүлнәз Жоланова әлі күнге дейін өмірлік серігін көпшіліктен жасырып қалғысы келеді. Дегенмен, ол желідегі парақшасында той көйлегімен түскен суреттері мен видеоларын естелік ретінде жариялады.
Айта кетейік, қазақстандық актриса Гүлнәз Жоланова 2023 жылдың ақпан айында тұрмысқа шыққан болатын.