Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғылымға сәйкес әлемдегі ең әдемі әйел белгілі болды

Әлемдегі ең әдемі аруФото: Theo Wargo / Getty Images

37 жастағы актриса Эмма Стоун алтын қима принципіне сәйкес әлемдегі ең әдемі әйел атанды. Ол ұлыбританиялық пластикалық хирург Джулиан де Сильва әзірлеген танымал тұлғалардың сұлулық рейтингісінде бірінші орынға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актрисаның бет ерекшеліктері мінсіздікке 94,72 пайыз сәйкес келеді.

Актрисаның маңдайы алтын қимамен 94,8%-ға сәйкес келсе, қастары – 94,2%, ерні – 95,6%, көздерінің орналасуы – 94,2%, иегі – 94,6%, мұрын – 93,4%, мұрынның төменгі бөлігі мен еріннің ені арасындағы қатынас – 95,3%, ал бет пішіні – 93,4% деңгейінде мінсіздікке жақын.

“Дюна” фильмінің жұлдызы, 29 жастағы Зендая екінші орынға шықты, оның нәтижесі 94,37% болды. Ал “Миллионер из трущоб” фильміндегі 40 жастағы актриса Фрида Пинто үшінші орынға ие болды – 94,34%. “Корона” сериалындағы актриса Ванесса Кирби, 37 жаста, төртінші орынға шықты – 94,31%.

Бұл нәтижелер доктор Джулиан Де Сильва арнайы әзірлеген адам бетін компьютерлік карта арқылы өлшеу әдістерімен алынған.

Лондонда орналасқан Алдыңғы қатарлы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының жетекшісі доктор Джулиан Де Сильваның сөзінше, актрисаның бет элементтері бойынша физикалық мінсіздікке тексергенде жеңімпаз атанған.

“Ол қастарынан ең жоғары баға алды (94,2%) және қалған категорияларда да жоғары көрсеткіштерге ие болды. Оның иегі дерлік мінсіз (97%) және ерні тамаша формада (95,6%). Алтын қиманың барлық элементтері біркелкі жоғары болғандықтан бірінші орынға ие болды”, – деді ол.

10 ең әдемі әфел және олардың көрсеткіштері: 

  1. Эмма Стоун – 94,72%

  2. Зендая – 94,37%

  3. Фрида Пинто – 94,34%

  4. Ванесса Кирби – 94,31%

  5. Дженна Ортега – 93,91%

  6. Оливия Родриго – 93,71%

  7. Марго Робби – 93,43%

  8. Айшвария Рай Баччан – 93,41%

  9. Тан Вэй – 93,08%

  10. Бейонсе – 92,4%

Айта кетейік, Алтын қима - грекиялықтар ойлап тапқан математикалық теңдеу, әдемілікті өлшеуге арналған. Оны кез келген нәрсеге қолдануға болады. Леонардо да Винчи оны өз еңбегі "Витрувиандық адам" атты суретінде мінсіз ер адамның денесін сипаттау үшін пайдаланған.

Принцип қарапайым: бет немесе дене пропорциялары 1,618 (Фи) санына жақын болса, соғұрлым сұлулық жоғары болады.

Еске салайық, бұған дейін “Жер аруы – 2025” байқауының жеңімпазы анықталғаны хабарланған болатын.

Айнұр Мұхади
Жұма, 14 Қараша, 2025 17:36
Талқылау