Актриса Альмира Тұрсын "Mrs. Globe" байқауында бірінші Вице Миссис Globe атанды
Қалың көпшілікке сақ патшайымы Томирис рөлімен танымал болған актриса Альмира Тұрсын “Mrs. Globe” халықаралық байқауында жүлделі орын иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/almiratursyn
Байқаудың аяқталғанын айтқан Альмира Тұрсын әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
“Mrs.Globe” халықаралық байқауының ақтық сыны да өз мәресіне жетті. “Бірінші Вице Миссис Globe" атағын алдым, яғни маған екінші орын берді. Дәл қазір басты жаңалықтармен бөлісіп жатырмын. Кейінірек тарқатып айтармын”, – деп жазды актриса.
Ал “Mrs. Globe” атағы Беларусь елінен келген Лана Хлумаковаға бұйырды.
“Қыздарымызды “Mrs. Globe – 2023” байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз. Барлық қыздарымыз үздік бестікке еніп, патшайым атанды. Сондай-ақ тәж мен лентасын алды. Қыздар өз образдарымен, харизмасымен және сұлулығымен байқау қатысушыларының және қонақтарының назарын аударды. Біздің қыздар – сұлулық пен абыройдың нағыз үлгісі”, – деп жазды “Mrs. Globe” байқауының қазақстандық ұйымдастырушылары.
“Mrs. Globe Kazakhstan” байқауының Instagram-дағы ресми парақшасында елімізден үш қатысушы қатысқаны туралы жазылған. Альмира Тұрсыннан басқа, қазақстандық арулардан 45+ санатында төртінші вице-ханым атанған Жанна Сахариева және Plus size санатында төртінші вице-ханым атағын алған Индира Құлбаева да бар.
1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық байқау биыл АҚШ-тың Калифорния штатында өтті.
Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында 32 жастағы актриса "Mrs. Globe Kazakhstan – 2022" байқауында жеңіске жетіп, “Mrs. Globe” халықаралық байқауына жолдама алған болатын.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан