Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жігіт Германиядағы сән сахнасын бағындырды (фото)

Атыраулық жігіт Әділет Ким Германиядағы Mercedes Benz Fashion Week сән апталығына қатысты. Жігіттің төлқұжаттағы аты-жөні – Сағидолла.

Безымянный

Бұл туралы “Ақ Жайық” хабарлайды.

Жігіт негізі Ақтөбеде туған. Бірақ, бірнеше жыл бұрын отбасымен Атырауға көшіп келіпті. Ол алғаш Ақтөбеде жүргенде кастингке қатысып, жолы болған. Алғаш рет Астанадағы Kazakhstan Fashion Week апталығына қатысады.

“Атырауда біз ағам екеуміз event-агенттік ашып, той ұйымдастырумен айналысып жүрдік. Былтыр ақпан айында Польшаға моделдік курстан өтуге барған едім. Сол жерде мамандар мені байқап, варшавалық агенттікпен келісім-шартқа отырдым”, – дейді ол.

524959bf9c6ef354c

Әділет “жігітке сән көрсету ерсі” деген ұғымды қалай қабылдайтынын да айтты.

“Әрине біздің менталитет мұндайды қабылдамайды, әрі бұл индустрия елімізде кенже дамыған. Түрлі фотосессиялар, көрсетілімдер болады. Егер ол жерде өзіңді қолайсыз сезінсең, бас тартуға болады. Адамдар жігіттердің макияж жасағанын ұнатпайды. Бірақ бұл жұмыс. Сондықтан ұялудың қажеті жоқ. Мені отбасым, достарым қолдайды. Бұл ең басты көмек”, – дейді ол.

435159bf9c77e8beb

Қазіргі уақытқа дейін Сағидолла Via-Moda Fashion day, Poland Fashion Week, Warsaw Street Fashion және ең беделдісі Mercedes Benz Fashion Week апталықтарына қатысып үлгерген.

“Модель болу үшін бойың 184 см-ден жоғары, жасың 23 шамасында болуы керек. Және спорттық, арық дене бітім қажет. Қазір агенттіктер әртүрлі типаждағы жігіттермен жұмыс істейді. Дене бітімімді сақтаудың менде айтарлықтай құпиясы жоқ. Ең бастысы спортпен жиі айналысамын”, – дейді Әділет.

332359bf9c6613975

Екі ай бұрын ғана Шанхайдан оралыпты. Ол Қытайда жарты жылдай модель болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда Астанада оқып жатыр. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қатар қытай, поляк, чех тілдерін де меңгерген жігіт болашағына қатысты әлі нақты шешім қабылдамапты.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау