Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік турфирма мүгедек екенін білген соң, оқушыны ЭКСПО-ға апармай қойған

Арманға айналған ЭКСПО!  Ақтөбелік оқушының «халықаралық көрмені көрсем» деген тілегі орындалмады. Мүгедек баласына әуелі үміт сыйлап, артынан уәделерін орындамағандарға анасы әлі өкпелі. Айтуынша, мектеп арқылы тізімге ілінген ұлын тасымалға жауапты туристік оператор баланың мүгедек екенін білгеннен кейін тастап кеткен.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

ЭКСПО көрмесіне баруды күні санап күткен Диастың үміті қазір су сепкендей басылған. Алғашында Астанаға қонақ болып баратындардың тізіміне қосылған ол, ақыры далада қалғанын айтады. Алданған баланың көңілі көрме аяқталып кетсе де, әсем ғимараттарды көруге тартып тұр.

«Біреулерден естимін іші үлкен дейді, әрбір елдің өзінің музейлері бар, өздерінің табиғаттары бар деп. Мен соларды көргім келеді», – дейді Диас.

Екі жасынан бастап сал ауруына шалдыққан Диас қазір 6 –  сыныпты үйден оқып жатыр. Үздік оқушы. Содан да болар тамыз айында мектеп директоры анасына хабарласып, баласының Астанаға баратынын айтқан. Керек құжаттарын дайындап, тапсыруды өтініпті. Алайда ұлымның  көрмеге бармай қалғаны жаныма қатты батты, енді жауапты мекемелер бір-біріне ысырып отыр дейді ана.

«Енді қайдан білейін, мектепке барсам, мектеп тур агентствоға барыңыз дейді. Тур агентствоға барсам олар вообще телефонға жауап бермейді. Мектепке барыңыз, қайда барсаңыз онда барыңыз деп. Гороноға барыңыз дейді. Солай бір –  біріне сілтеп тұр», – дейді Диастың анасы.

Ал жаз бойы ақтөбелік мектеп оқушыларын ЭКСПО көрмесіне апарып әкелуді мойындарына алған «Зере Тур» туристік операторы болса мектеп арқылы келген тізімде Диастың болғанын мойындайды. Алайда оның мүмкіндігі шектеулі жан екенін білгеннен кейін анасына баланың бара алмайтынын айтып ескерттік деп отыр.

Ал қалалық білім бөліміндегілер жазғы демалыста ЭКСПО көрмесіне қаладан мыңнан аса оқушының барып келгенін айтады. Ал Астана Диастың әлі арманы. Бірақ, Диас елорданы теледидардан ғана көріп жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда өрттің кесірінен үш бірдей отбасы бала-шағасымен далада қалды

Атырау облысының тұрғыны қарындасы мен жиенін зорлағаны үшін сотталды

Түркияда апатқа ұшырағандырдың үшеуі елге жетті

Қайырымды жандар денесінің сау тамтығы қалмай күйіп кеткен қызды толық емдетуге уәде берді (фото)

Талқылау