Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік суррогат аналар қызметі үшін 2,5 млн теңге алады

Ақтөбедегі суррогат аналар Алматы, Ақтөбе мен Орал қалаларындағы ерлі-зайыптылар үшін құрсақ көтерген. Қазіргі уақытта төртінші суррогат ананың аяғы ауыр. Бесіншісі енді эмбрион салғызбақшы.

7f8581269078dfce728992fa7e2e17a5

Сурет: www.dobrenok.com 

Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды.

Маусым айында ақтөбелік суррогат ана Мартұқ ауданындағы ерлі-зайыптылар үшін ВРТ-технологиясы арқылы құрсақ көтермек.

Тағы бір суррогат анаға Қанаданың Торонто қаласынан тапсырыс келген. Тамыз айында сәби өмірге келісімен оның есімін қойып, батысқа алып кетпек. Канадада суррогат аналардың қызметі әлдеқайда қымбат болады екен.

Ақтөбелік суррогат аналар қызметі үшін 1,5-2,5 миллион теңге көлемінде ақша сұрайды. Бұл соманың ішіне әйелдің жүктілік кезніде жоғалтатын витаминдер шығыны да кіреді. Сондай-ақ, ВРТ-технологий емханасындағы экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасы үшін 1,4 миллион теңге жұмсалады. Суррогат аналардың қызметіне мемлекеттік тапсырыс болмайды.

Бала көтере алмаған әйелдер де балалы бола алды. Яғни, оның  орынан өзге әйел құрсақ көтереді. Алайда, барлық әйел суррогат ана бола алмайды.

Суррогат аналар әдетте материалдық шығынын өтеу үішн осында қызметке барады. Жақында осындай қызметі үшін суррагат ана 2,5 миллион теңге алған. Онымен несиесін төледі. Ал, кей жағдайда әйелдер туған баласын туыстарына тегін беріп жатады.

Суррагат аналар мен тапсырыс беруші аналар бір-бірін хабарландыру арқылы табады. Егер суррогат ана тұрмыста болса, оның күйеуінің рұқсаты керек. Егер ажырасқан болса талап етілмейді.

Тапсырыс берушілердің көбі жұмыс істейтін суррагат аналарды іздейді. Өйткені олар жұмысынан декретке шыға алады. Ал, жұмыссыз болса, жүктіліктің 12-аптасынан бастап комиссиялық төлемін өтеуі тиіс. Әдетте бұл сома айына 50-60 мыңға шығады. Оның ішіне витаминдер, жемістер, дәрелер мен жүктілік кезіне арналған киімдердің шығыны кіреді.

Ақтөбелік ВРТ-технологий емханасының мамандарының арқасында суррогат аналар 5 сәбиді өмірге әкелген.

«2013 жылы ақтөбелік суррогат ана алматылық отбасы үшін алғашқы сәбиді өмірге әкелді. Келесі жылы сол отбасы үшін екінші баланы босанды. 2015 жылы екінші суррогат ана ұл баланы дүниеге әкелсе, 2016 жылы үшінші суррогат ана егіз нәрестеге өмір сыйлады», – дейді емхана басшысы Людмила Покотило.

Талқылау