Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік шенеуніктер мен кәсіпкерлер жетім балаларды қамқорлыққа алды

Ақтөбеде жетім балаларға және әлеуметтік-патронаттық қамқорлықтағы балаларға демеушілер көмектесуде. Олар жетімдерге тұрғын үйге құрылыс жинақ шотына ақша жинауға кепілдік береді.

Бұл туралы Ақтөбе қалалық әкімдігіне сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Қала және ауылдық жердегі 210 баланың осындай демеушілері бар. Олар: қала әкімі, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме жетекшісі, коммуналды кәсіпкерлік және мәслихат депутаттары.

«А-Расул 2006» ЖШС директоры Алтынбек Саханов Айша атты жетім қызбен танысып, туған күнімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

 

Талқылау