Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік оқушылардың жаппай улануы: Қытайлық өнім Қазақстанда сатылымнан алынды

Ақтөбе облысындағы мектепте оқушылар уланған қытайлық өнім санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тексеруінің қорытындысымен Қазақстанда сатылымнан алынып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желіден

Денсаулық сақтау министрлігі тексеру кезінде жеңіл тағамның құрамында дәм күшейткіштерінің (тағамдық қоспалар) барын анықтады. Атап айтқанда, натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631) бар болып шықты.

“Оларды өндірісте пайдалану Техникалық регламенттің талаптарымен белгіленбеген”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомстводағылар жеңіл тағамдардың таңбалауында өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, жасалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО-ның бар-жоғы туралы мәліметтер жоқ дейді.



Министрлік өнімдерді елге әкелуге және сатуға тыйым салу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Қобда ауданында 4-сынып оқушылары жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 ақпанда Қобда ауданында болған. Қобыланды батыр атындағы орта мектептің 23 оқушысы шұғыл ауруханаға жатқызылған. Төртінші сынып оқушыларында жүрек айну, көзден жас ағу және бөртпе белгілері байқалған. Мәліметке сәйкес, балалар қытай тағамдарынан уланған. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Талқылау