Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік мамандар шұжықтан адам етінің тіні табылған соң жемеуге кеңес берді

Ресей ғалымдары шұжықтан адам етінің тіні табылғанын анықаған, деп хабарлайды Қазақпарат.

depositphotos_31706877-stock-photo-the-cut-smoked-sausage-on

Ғаламторда ресейлік «Мортадель» ет кобинаты өндіретін «Королевский», «Сервелат зернистый» шұжықтарынан адамның тіні табылғанын анықтады. Осыдан соң Ақтөбенің санитарлары ескерту айты.

«Ресейдің «Мортадель» ет комбинатында әзірленген шұжықтан адам етінің анықталғаны туралы жаңалықтан соң бізге ірі сауда орындарын ақпараттандыруға тапсырма түсті. Ақтөбе облысы, Хромтау аудандық сауда орындарына хабарландыру беріп, бұл ет комбинатының өнімдерінен сақтануды ескерттік. Жергілікті жерде бұл ақпарат толық таратылды. Өңір тұтынушылары бұл ет комбинатының өнімін тұтынбайды екен»,- деді Хромтау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитар дәрігері Рая Қопабаева.

Айта кетейік, дәл осы ақпараттан соң «Мортадель» ет комбинаты нарықта 26 жыл бойы жұмыс істейтіндерін және бұл ақпаратты ғалымдар растамағынын мәлімдеген.

Тағы да оқыңыз:

Ресейдің танымал споршысы анасының басын кесіп өлтірген деген күдікпен ұсталды

Бас әскери прокуратура: Жамбыл облысында шекарашылардың қолынан қаза тапқан жігіт мал айдап өтпек болған

2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)

Талқылау