Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек өзін ұрлап кетіп сол үшін сотталып жатқан адамды жақсы көріп қалды

Жәбірленуші әйел сотта айыпталушымен бір үйде тұруды армандайтынын айтты.

1502806029_img_9340

Ақтөбеде Құжбановтар отбасы мүшелері соттасып жатыр. Абат есімді азамат әйелімен ажырасып кеткен. Олардың 6 және 8 жастағы екі қызы бар. Әйелі алимент алғанымен балаларын әкесіне көрсетпей қойған, де хабарлайды timeskz.

Абат бауырына өтішін айтып, бұрынғы әйелінің үйіне келеді. Ол әйелдің жұмысынан келуін күтіп, келген бойда күштеп көлікпен алып кеткен.

Әйел айқайлап көмек сұраған. Абат онымен 2,5 сағаттай сөйлесіп, өзіне қайта қосылуды сұрайды. Қыздарын өзіне не себепті көрсетпейтінін білмек болады. Бұл кезде көлік Бадамша ауылы жаққа кетіп қалады.

Абат сотта қыздарының өзіне келгісі келгенімен, анасының жібермейтінін айтты.

«Мен оған қосылуым керек екенін түсіндірдім. Ол маған дұрыс жауап қатқан жоқ», – дейді айыпталушы.

«Менің басым үш рет зақымданған. Оның соққысынан соң менің жауап беретін жағдайым болған жоқ. Бір жыл бұрын жол апатына түскенмін. Ол мені айдалаға апарып тастады. Мен жерде жаттым. Ол тұрып тұрды. Мұның бәрін қызғаныштан істеп отыр», – дейді жәірленуші.

Әйелдің айтуынша, күйеуі қыздарын демалыс күні алып кетіп, сейсенбі күні әкеліп жүрген. Қыздары сабақтан қалғандықтан, оны әкесіне бермей қойғанын.

«Мен заңды некеге тұмай-ақ отбасымды сақтағым келеді. Екеуміздің 8-10 жыл бұынғы сезіміміз өшкен жоқ. Ол алиментті ай сайын төлеп тұрды. Оның табысы жақсы. Оған ешқандай шағымым жоқ. Қыздарым екі ай әкесін көрген жоқ. Күнде әкесін сұрап жылайды. Мен қылмыстық іс тоқтатуға арыз бердім», – дейді жәбірленуші.

Абат Құжбанов адам ұрлау ісі бойынша айыпталып жатыр. Сот төрешісінің істі тоқтататыны, әлде жалғастыратыны белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Балқашта зорланған қыздың құрбысы осы іске қатысы бар деп айыпталып жатыр

Медициналық сақтандыру қызметін алу үшін бір ауруханаға тіркелу керек

Елімізде жүргізуші куәлігін алу мен көлікті есепке қою жеңілдетіледі

Талқылау