Қазақстандық блогерлер скейтбордпен үш айда 5 елді аралаған
Фото: Диапазон
Ақтөбелік блогерлер скейтбордпен бес елге барған. Олардың сапары 103 күнге созылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Блогерлер Алмас Тнебаев (Chupa4upa) пен Байболсын Бисенов (BboyBaks) электрлі скейтбордтарымен бес елді аралаған.
“Сәуірде сапарға шықтық, 30 маусым күні 103 күн болды. Ресейді, Арменияны, Иранды, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясын араладық. Жоспарымызда тағы екі ел бар еді, бірақ бізді Грузияға жібермеді. Ал Катарға баруға уақыт болмады. Біз электрлі скейтбордпен саяхаттаймыз. Бұл – менің бесінші сапарым. Ал Бакстың бірінші сапары. Саяхаттаңыздар, бірақ электрлі скейтбордтармен емес. Дұрысы, ұшақ немесе көлік”, – дейді Тнебаев.
Блогерлер скейтбордпен жүру қауіпті екенін айтады. Өйткені көліктер бар жерде зейінді бір жерге шоғырландыру қажет дейді. Оның үстіне ауа райы да жоспарға әсер етеді екен.
“Сапар барысында жаңбыр, аптап ыстық және желге дайын болғаныңыз жөн. Электр скейтбордтар Еуропадан келген. Бірақ олар Алматыда құрастырылған. Мұны біздің досымыз жасайды. Ол сағатына 60-70 шақырым жылдамдыққа жетеді. Оны жаңартуға, одан да жақсартуға болады. Скейтбордты жөндеуден өткіземіз. Себебі ол қатты шаршады. Күн сәулесінен арафатка арқылы қорғандық. Көзілдірік тағып, ұзын жеңді жемпір киіп жүрдік. Тіпті айдалада сусыз қалған кезіміз де болды. Бірақ өтті кетті, бастысы аман қалдық. Соңғы оқиғаларды ескерсек, Ираннан дер кезінде шығып үлгердік”, – деді Тнебаев.
Айта кетейік, бұған дейін cарапшы жалғыз саяхаттауға болмайтын жеті елді атаған еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
