Қазақстандық қызметте жоғарылаған әйеліне ренжіп, сотқа арызданған
Фото: freepik.com
Ақтөбе тұрғыны әйелін қызметі жоғарылаған соң "моральдық тұрғыдан құлдырап кетті" деп айыптады. Осылайша ерлі-зайыптылар сотқа арызданып, ажырасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерлі-зайыптылардың отбасылық қарым-қатынасының нашарлағаны сонша, отағасы әйелінің "моральдық тұрғыдан құлдырап кеткенін" жоғарыдағыларға айтып, соңы ажырасумен аяқталған. Қазір бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дауды Ақтөбедегі азаматтық сот қарап жатыр.
Әйел көрші облыстағы банк бөлімшесін басқарады. Ол бұрынғы күйеуінің үстінен сотқа арызданып, мүлікті өзіне беруді талап еткен. Сондай-ақ ол банк басқарма төрағасына жүгінгені үшін күйеуінің үстінен ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап-арыз түсірген. Сот ер адамның ажырасқанға дейін әйелінің бастығына жазған хатын тексерді.
Онда ер адам 32 жыл темір жолда еңбек еткенін, кейін әйелін қолдап, балаларын бағу үшін жұмысын тастағанын жазған.
Ер адамның айтуынша, жаңа қызметке көтерілген әйелінің мінезі күрт өзгеріп, тәкаппар, менсінбейтін күйге түскен. Түрлі ер адамдармен сөйлесіп, SMS-жазып, бөлек ұйықтайтын болған.
“Әйелім құрбыларымен мейрамханаға жиі шығып, түннің бір уағында оралатын болды. Ол моральдық-рухани жағынан азғындап, отбасын күйреуге әкелді. Сол үшін жаным қынжылады. Бұл жағдай баланы моральдық күйзеліске әкеледі”, – деп жазған ер адам.
Бұған банк басшылығы мәселенің тек екі ерлі-зайыптыға қатысты екенін айтқан. Сот талапкердің бұрынғы күйеуіне қойған талаптарын ішінара қанағаттандырды.
“Ер адамның қазір тұрып жатқан үйі мен көлігі шынымен де бұрынғы жұбайының меншігінде. Әйелдің оны үйден шығару туралы талаптары заңды”, – делінген хабарламада.
Нәтижесінде сот сотталушыны үйді босатып, көлікті бұрынғы әйеліне қайтаруды міндеттеді. Дегенмен сот ер адамның банкке жазған хаты әйелдің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіргенін растамады.
Сот мәліметінше, хатта ер адам өзінің жеке көзқарасын білдіріп, конституциялық құқықтарын пайдаланған. Банкке жүгіну ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделге нұқсан келтірмейді екен. Сондықтан, талапкердің моральдық зиянды өтеу туралы талаптары қанағаттандырусыз қалдырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Әскери қызметкер әйеліне жасаған опасыздығынан кейін отставкаға кеткені туралы жазған едік.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
