Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін бомба туралы жалған хабар берген

Ақтөбелік әйел түрмеге қайта отыру үшін жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлаған.

Фото: Sputnik/Вячеслав Реутов

Бұл туралы “Диапазон” хабарлады.

9 қараша күні Ирина Журавлева полицияға қоңырау шалып, теміржол вокзалына бомба қойылғанын айтқан. Мамандар жарылғыш затты таппады, ал Журавлева кейінірек колонияға қайта барғысы келетінін мойындады.

“Полицейлер менің саяжайдағы үйімді таба алмады, оларға өзім шықтым. Жазамның өтелмей қалған бөлігін беретін болар деп ойлап едім. Сөйтсем жаңа мерзімге соттайды екен “, — деді Журавлева.

Сот Ирина Журавлеваның бұрынғы қылмысы үшін жазаның өтелмеген бөлігін ескере отырып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

2013 жылы Ирина Журавлева төрт жасар қызын 700 мың теңгеге сатқаны үшін сотталған. Осы жылдың жазында әйел шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Журавлеваның айтуынша, ол бостандыққа шыққаннан кейін баспана тауқыметін тартып, жұмыс таба алмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Бауыржан Байбек “Голос. Дети” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Петропавлда қақаған аязда далада қаңғып жүргендер аяқ-қолдарынан айырылған

Талқылау