Ақтөбелік әйел сотта өтірік айтып, күйеуін қорғап қалуға тырысқан
Ақтөбе облысында ер адам әйелді зорлаған, ал оның әйелі отбасын сақтап қалу үшін әртүрлі өтірік айтып, күйеуін ақтап алуға тырысқан. Оқиға Қарғалы ауданындағы ауылда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтемемен.

Сот отырысында жыныстық күш көрсеткен деп айыпталған азаматтың әйелі жәбірленуші абайсызда пышақпен өзін жарақаттап алғанын, ал өзінің оған куә болғанын, тіпті жараны таңуға көмектескенін айтқан.
- Арыз жазудан бас тартты: Ақтөбеде ер адам әйелін ұрып, үстіне қайнаған су құйған
- Шымкент тұрғыны тапа-тал түсте әйелінің көңілдесін өлтіріп кетті (видео)
- Алматылық тұрғын әйелі мен сәбиін ертіп, қарақшылық шабуыл жасаған
Сот бұл бөлікте айыпталушының жұбайының өтірік айтқанын, жәбірленуші айыпталушының шабуылы кезінде жарақат алғанын, яғни күдіктінің бұған тікелей қатысы барын анықтады. Осылайша, әйел күйеуінің жазасын жеңілдету үшін өтірік айтқаны белгілі болды. Алайда әйелдің өтірігі күйеуіне көмектеспеді. Сот оны осы қылмысқа кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Жалған куәлік бергені үшін сотталушының 33 жастағы әйелі шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Отбасында кәмелетке толмаған балалар өсіп келеді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады