Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел канадалық отбасының тапсырысымен бала туып берді

Әйелді ұрықтандыру Ақтөбе клиникасында жүзеге асырылып, ал ол баласын Алматыдағы перзентханада өмірге әкелген.

ааааааа

Сурет idealmam.ru

Бұл туралы times.kz хабарлайды.

Сәбиге бірден шетелдік ата-анасының тегі берілген. Жуырда бала өзінің заңды ата-анасы тұратын Торонтаға жіберілмек. Ал суррогат ана баланы аттандырып салғаннан кейін оған қатысты барлық құқықтан айырылады.

Шетелдіктердің қазақстандық суррогат ананың көмегіне қызмет көрсету бағасы арзан болғандықтан жүгінген. Канадада “тапсырыспен” балалы болу құны 30 мың доллар екен. Ал біздегі аналар бұл қызмет үшін 2,5 миллион теңге алады.

Жақында ғана Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров суррогат аналардың қызметіне қатысты пікір білдірген еді.

“Исламда мешітке барып некесін қидырған ата-аналар балалы болуға хақылы. Егер мешіттен ресми рұқсат алмаса, онда балалы болуға болмайды. Бірақ, исламда төрт әйелге дейін алуға рұқсат. Ал егер ер адам мешітке келіп әйелмен келіссе, ол ер адам мен оның заңды әйеліне бала туып беруге көмектескісі келсе, онда суррогат ана болуға рұқсат етіледі”, – деді мүфти.

Талқылау