"Жалаңаш суреттерін интернетте жариялаған": Ақтөбелік әйел 10 жастағы қызына азғындық жасады деп айыпталды
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған қызын азғындады деп айыпталған әйелдің ісі бойынша үкім шығарды. Сот 10 жастағы баланың анасын кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ratel.kz порталына сілтеме жасап.
Өткен жылы полицияға қыздың әкесі жүгінген. Ол баланың анасымен ажырасып кеткен. Ер адам қызының телефонынан оның жартылай жалаңаш түсірілген суретін көріп қалған. Жеткіншек фотоға анасының түсіргенін мойындаған. Сондай-ақ, қыз анасымен тұратын ер адамның да әйелдің айтуы бойынша, бұл процесті көргенін айтқан.
Сот қылмыстың 2020 жылдың 30 қазанында сағат 12-ден 18-ге дейін болғанын анықтады. Қыздың анасы бұл сұмдықты өзімен тұратын ер азаматпен бірлесіп жасаған.
Сот жеткіншектің анасын 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал онымен бірге тұратын азаматты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ қыздың анасы мен бірге тұратын азаматтың үстінен жеткіншектің суреттерін интернетте жариялағанына қатысты бөлек қылмыстық іс тексерілуде.
Қыздың әкесі бұл фотосуреттер балалар порнографиясын сүйетіндерге сатылды деп мәлімдеді. Қазір оны полиция тексеріп жатыр.